Украинадағы шиеленістің шешімін табуда ЕҚЫҰ шешуші рөл атқаруы тиіс - Сенат спикері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ламберто Заньерді қабылдады.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды. Жүздесу барысында Сенат Төрағасы Қазақстанның ЕҚЫҰ кеңістігіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Ұйымның Парламенттік Ассамблеясы аясындағы үнқатысуға бейімділігін нақтылады. Бұдан бөлек, спикер Қ.Тоқаев «Украинадағы шиеленістің шешімін табуда және үнқатысуды қалыптастыруда ЕҚЫҰ шешуші рөл атқаруы тиіс», - деп атап өтті. Бұдан бөлек, Астанадағы мерейтойлық декларациясында мәлімделген Еуразиялық және Еуро-Атлантикалық қауіпсіздік қоғамдастығын қалыптастыру туралы айта келе Төраға «ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінің рухын өмірге енгізу керек», - деп атап өтті.

Кездесуде сондай-ақ Орталық Азиядағы аймақтық өзара іс-қимыл мәселелері де қозғалды.

Соңғы жаңалықтар