Украинадан келген азаматтарымыздың референдумға қатысуына жағдай жасауымыз керек — Нұрлан Әбдіров

АСТАНА. KAZINFORM — Украинадан келген азаматтарымыздың референдумға қатысуына жағдай жасауымыз керек. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. 

Украинадан келген азаматтарымыздың референдумға қатысуына жағдай жасауымыз керек — Нұрлан Әбдіров
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігімен шетелде ашылатын 80 учаскенің жұмысын қамтиды және сол жердегі жағдайды толыққанды бақылап, жәрдем көрсетіп отырады. Украинада жүрген, сол жақта тіркеуде болған азаматтар елге қайтып келіп, осында болса, онда олардың референдумға қатысуына міндетті түрде жағдай жасауымыз керек. Олай болса, Сыртқы істер министрлігі мен Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы бірлесе отырып, ол адамдарды айқындайық. Қайда жүр екен? Нақты елде болса, мүмкіндіктеріміз бар. Тіпті, тіркелмеген адамдар болса, бір күнге тіркелетін 220 учаске бар. Соны пайдаланайық немесе басқа да мүмкіндіктері бар шығар. Мүмкін олар қазір тіркелген де болар. Соны анықтауымыз керек, — деді Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.

Бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі Украина мен Эфиопияда референдум учаскелерін ашпау туралы шешім қабылдаған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум