Украинаға көмектесуіміз қажет - Н. Назарбаев

МИНСК.ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Минскідегі жұмыс сапары аясында Украина басшысы Петр Порошенкомен екіжақты кездесу өткізді.
None
None

«Барша Украинаға көмек көрсетуіміз қажет деп санаймын. Қазақстан Украинаның Оңтүстік-Шығысына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Егер гуманитарлық қарауыл жасағы болса, қазақстандық Қызыл кресті қосар едік. Біз қай жағынан болса да, қажетті деген барлық қолдауды көрсетуге әзірміз», деді екіжақты кездесу барысында Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қақтығысты бейбіт жолмен шешілетіндігіне сенімін білдірді. Оның айтуынша, егер жағдай одан әрі ушығатын болса, бұл жаһандық қақтығысқа әкелуі мүмкін.

«Сондықтан біздің ұстанымымыз, менің жеке ұстанымым - соғысты тоқтату түйінін тауып, қалпына келтіру жұмыстарын бастау қажет», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар