Украиналық студенттердің стипендиялары кешіктірілуде

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат/ - Қазақстан ақылы негізде оқитын озат студенттерге қосымша грант бөліп жатқанда, кей елдердің жоғары оқу орындарында дағдарыстың салдарынан студенттердің шәкіртақылары кешіктіріліп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мысалы, Лента.ру өткен аптада Украинаның «Экономическая правда» басылымына сілтеме жасап, «Украинаның көптеген жоғары оқу орындарында шәкіртақы алуға құқығы бар студенттер қаңтардың стипендиясын алмағанын» жазды. Дереккөздеріне қарағанда, мұндағы басты себеп ? Үкімет пен салалық министрліктің тиісті қаражатты ЖОО-ларға толық көлемінде аудармауы. Ал қаражат тапшылығына байланысты ЖОО-лар студенттерге қойылатын академиялық үлгерім деңгейін көтере бастаған. «Украинада соңғы сессиясының үлгерім балы 4.0 және одан жоғары болған студеттердің бәрі стипендия алуға құқылы. Алайда көптеген студенттер ақшасыз қалды» -дейді жоғарыда аталған басылымға сұхбат берген «Украиналық жастар форумы» ұйымының өкілі Андрей Черных. Оның айтуынша, бұл жағдай Үкімет басшысы Юлия Тимощенко араласқаннан кейін біршама ретке келген. Алайда үлгерім деңгейін көтеруге тыйым салынғаннан кейін кейбір ЖОО-лар оқытушылардың айлығына қосылатын үстеме ақыны кесуді жоспарлауда. Мұны өз сөзінде Тернополь ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Владимир Кравец те растап отыр.
Соңғы жаңалықтар