Украинаның тағдырына қатысты келісім бойынша Трамп: не жақында жүзеге асады, не ешқашан болмайды
АСТАНА. KAZINFORM — Украинаға қатысты бір тоқтамға келу жөніндегі келісімге жақында қол жеткіземіз немесе мүлде жүзеге аспайды, деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен кездесуі барысында, деп хабарлайды ABC News.

АҚШ президенті кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы айтып, «біз үлкен жетістіктерге жеттік» деді.
— Бұл не жақын арада болады, не мүлде болмайды, — деді Дональд Трамп.
Ол Украинамен пайдалы қазбаларды өндіру бойынша алдағы келісімді жоғары бағалады.
— Бұл Украина үшін және біз үшін өте жақсы. Америкалық салық төлеушілер енді Украинаға көмек пен оның қорғанысына жұмсалған жүздеген миллиард доллар үшін өтемақы алады, бұл өз алдына өте лайықты іс, — деп атап өтті Дональд Трамп.
ЕО-мен сауда қатынастарына тоқталған Трамп АҚШ-қа қатысты әділетсіз экономикалық тәжірибеге жауап ретінде Еуропа елдеріне баж салығын енгізу жоспарын қайталады. Ұлыбританияға қатысты Трамп нақты жауап берген жоқ.
— Менің қарауым керек. Айтайын дегенім, біз бүгін жақсы пікірталас өткіземіз, олардың жағында өте талантты бірнеше адам бар. Менің ойымша, біз тарифтер қажет болмайтын нақты сауда келісімін жасауға жақсы мүмкіндік бар, — деп мәлімдеді Дональд Трамп.
Ұлыбритания премьер-министрі «негізінде озық технология бар» жаңа экономикалық келісім туралы жариялады.
— Айтайын дегенім, жасанды интеллект қатерлі ісік ауруын емдей алады. Бұл біздің ғасыр үшін серпіліс болуы мүмкін. Міне, адамдарымызға осылайша көмектесеміз. Көптеген мүмкіндіктер бар, — деді Кир Стармер.
Ұлыбритания премьер-министрі Трампқа король Карлдың өз еліне мемлекеттік сапармен келуге және британдық мемлекеттік түскі асқа қатысуға шақырған хатын табыс етті.
Бұған дейін Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Украинаға қатысты ұсынған қарарын қабылдағанын жазған болатынбыз.