Украинаның Закарпатье облысында қаралы күн жарияланды
Закарпатье облысында 128-ші бригада әскерінің жаппай қаза табуына байланысты үш күндік қаралы күн жарияланды. Оған Ресей мерекелік марапаттау кезінде шабуыл жасаған. Kazinform бұл туралы Украинская правда басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс басшысы Виктор Мыкыта 6 қарашада Закарпатье аумағында үш күндік облыстық қаралы күн жарияланатынын айтты.
«Өңірде әскери міндетін орындау кезінде бауырларымыз, 128-ші бригада сарбаздары мерт болды», - деді ол.
Бұл күні Мемлекеттік ту төмен түсіріледі, күнде таңертең 9:00-де сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алады.
Украина Қорғаныс министрі сенбі кешке 128-ші жеке бригада сарбаздарының қазасына байланысты Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясына тексеріс жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ ол мерт болған әскерилердің отбасына көңіл айтты.
Кейінгі деректер бойынша, шабуылдан 28 сарбаз қаза тапқан.