Украинаның Львов қаласынан кезекті Қазақстан азаматтары эвакуацияланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 наурызда Украинаның Львов қаласынан тағы бір топ Қазақстан азаматтары эвакуациялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Украинадағы елшілігіне сілтеме жасай отырып.

Украинаның Львов қаласынан кезекті Қазақстан азаматтары эвакуацияланады

«Құрметті Қазақстан азаматтары! 2022 жылы 3 наурызда таңғы сағат 08:30-да Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Львов қаласындағы отандастарымызды эвакуациялау үшін автобус жіберуді жоспарлап отыр. Автобуста 18 адамға орын бар», - делінген хабарламада.

Елшіліктің мекенжайы: Киев қаласы, Ю.Ильенко, 26, байланыс телефоны +38 (044) 483-15-96.

Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты маңызды ақпараттарды елшіліктің әлеуметтік желідегі және мессенджер парақшалардан танысып, біле аласыздар:

Инстаграм – kazembukr

Фейсбук – KazEmbassyUkr

Телеграм – t.me/KZembassyinUKR

Бұған дейін қазақстандықтар мінген 3 автобус Киевтен жолға шыққаны туралы хабарлаған едік.

Одан бөлек, Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев Киевтегі жарылыстан қазақстандықтардың зардап шекпегенін мәлім етті.