Украинаның тұңғыш президенті Ющенконы отставкаға кетуге шақырды

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат – Украинаның тұңғыш Президенті Леонид Кравчук Виктор Ющенконы өз еркімен отставкаға кетуге және мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді жариялауға шақырды.
None
None
«Мен, күні кешеге дейін президенттік сайлау заңмен белгіленген мерзімде өтуі керек деп ойлайтынмын. Ал, бүгін басқаша ойлай бастадым. Сіздің Украина мәселесіне бас қатырудың орнына, өзіңіздің билікте қалуды ғана аңсап отырғаныңызды мен анық көріп отырмын. Сіз, алға қойған мақсатыңызға жету үшін, әлемдік қаржы экономикалық дағдарысын да өз мүддеңізге пайдалануға әзірсіз», - деп мәлімдеді Кравчук. «Мұнан шығар жол біреу ғана ? ол Украина президентін мерзімінен бұрын сайлау. Жұртшылықтың басым көпшілігінің бүгінгі талабы осындай», - дейді мемлекеттің бұрынғы басшысы.
Соңғы жаңалықтар