Украиндық жүк көлігінің жүргізушісі Қостанайда сот алдында жауап береді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Астана-Екатеринбор тас жолының учаскесін торуылдап жүрген қостанайлық полицейлер украиндық жүк тасушының соңына түсуіне тура келді, құқық бұзушы ұсталды.
Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, тіркемесі бар жүк көлігінің жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс арттырған әрі инспектордың тоқтатқанына мән бермеген. Полицей патрулі оның ізіне түсуіне тура келді. Алайда ол патрульдің тоқта деген талабын да елемеген.
Патрульге көліктің екі жағынан шығып, жолын бөгеуіне тура келді. Тоқтағаннан кейін жүргізуші полицияға жауап беруден бас тартқан. Есігін ашпай, ол кезекші бөлімге қоңырау шалып, өзін «заңсыз» тоқтатты деп оқиға орнына жедел топты шақырған.
Алайда тексеру барысында зардап шегушінің әрекеті дұрыс болмай шықты. Оның заң бұзғаны полицей көлігіндегі бейнетаспада жазылып қалған.
Киев тумасы Украинаға жүк тасымалдаумен айналысқан.
Қазір ол Қостанайда қалуға мәжбүр, жылдамдықты асырып, билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін айыпталып отыр. Ол айыппұл төлейді және 1 жыл мерзімге жүргізушілік куәлігінен айырылады.