ҰҚШҰ ақпарат саласындағы қылмыстарға қарсы ынтымақтасатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше-мемлекеттердің ақпараттық саладағы қылмыстық әрекеттерге қарсы өзара әрекеттесу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Аталған хаттамаға ҰҚШҰ мемлекеттер басшылары 2014 жылдың желтоқсан айында Мәскеуде қол қойған.
None
None

Хаттама ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, ақпарат саласындағы ыдыратушылық ақпараттық ықпал етулер мен төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталады. Сонымен бірге, ҰҚШҰ аясындағы арнайы қызмет органдарының ақпаратпен алмасу, бірлескен іс-шаралар мен ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ, процессуалды іс-қимылдар мен кадрлар даярлау бойынша өзара әрекеттесу тәртібін айқындайды. Бұдан бөлек, құжат ынтымақтастық тиімділігін арттыруға, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың өсуін болдырмауға септігін тигізеді.

Хаттама ережелеріне сәйкуес, ҰҚШҰ мемлекеттері ақпараттық кеңістікті ыдыратушылық ықпал етуден қорғау мүддесінде ынтымақтасатын болады. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасалатын және ұлттық заңнамада конституциялық құрылыстың негізіне, мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы, бейбітшілікке, адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар ретінде сараланатын қылмыс белгілері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырып, ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтасуға міндетті болады.

Парламент қабылдаған Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар