ҰҚШҰ алдағы уақытта да халықаралық және аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікті алға жылжытады - Мәскеудегі мемлекет басшыларының мәлімдемесі

«Біз, ҰҚШҰ-ның мүше-мемлекеттерінің басшылары, ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қоюдың 20 жылдығы және оның негізінде құрылған біздің Ұйымымыздың 10 жылдығы қарсаңында біз жасаған тарихи таңдау уақыт сынағынан өткенін мәлімдейміз» - делінеді мәлімдемеде. 1992 жылы Ташкентте жасалған Шарт өзінің басты қызметі - қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдауды, ондағы қатысушы мемлекеттердің аумақтық толыққандылығы мен егемендігін қамтамасыз етуді лайықты атқаруда».
ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттер басқа мемлекеттердің заңды мүдделерін ескермей және оларға заңды міндетті кепілдіктерді бермей ЗҚҚ стратегиялық жүйесін бір немесе бір топ мемлекеттердің біржақты құруы Еуропадағы және жалпы әлемдегі халықаралық қауіпсіздік пен стратегиялық тұрақтылыққа кесірін тигізуі мүмкіндігін атап өтеді.
Ұйымның жауапкершілік аймағына тікелей жатқызылатын Ауғанстандағы шиеленістірілген жағдай үлкен алаңдаушылық тудырады. Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты факторларының бірі екеніндігіне сүйенейік. Ауғанстанның бейбітшіл, гүлденген, тәуелсіз және бейтарап мемлекет ретіндегі қалыптасуын жақтаймыз.
«Еуроатлантикалық аумақта берік бейбітшілікті қамтамасыз етудегі өзіміздің жауапкершілігімізді сезіне отырып, біз қауіпсіздіктің бөлінбеу принципінің негізінде Солтүстікатлантикалық Келісім Ұйымымен тәжірибелік өзара әрекеттестікті жақсартуға дайын екендігімізді қуаттаймыз», - деп мәлімденді құжатта.
«Шарттың 20 жылдық мерейтойы мен ҰҚШҰ-ның 10 жылдығы қарсаңында біз тағы да өзіміздің халықаралық құқықты ұлықтауды мойындауға, халықаралық мәселелерді шешудегі ұжымдық шешімдерді табуға, БҰҰ-ның Жарғысын құрметтеуге негізделетін бұдан да әділетті және демократиялық полицентристік бейбіт тәртібінің құрылу мақсаттарының жолын ұстанатындығымызды мәлімдейміз. ҰҚШҰ алдағы уақытта да халықаралық және аумақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ісінде сындарлы фактор болатынына сенімдіміз», - деп түйінделеді мәлімдемеде.