10:29, 12 Сәуір 2012 | GMT +5
ҰҚШҰ аясында әскери өнім шығаратын кәсіпорындардың мамандануы сақталады
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери мақсаттағы өнім жасауға қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.
Аталған келісімнің мақсаты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы форматында бірлескен іс-қимылдар арқылы аталған ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныстық-өнеркәсіптік кешендері кәсіпорындарының орнықты және болжамды дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Сондай-ақ, келісім қалыптасқан өндірістік және ғылыми-техникалық кооперация базасында әскери мақсаттағы өнім жасау саласындағы ынтымақтастықты қолдау мен дамытуға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, келісімге 20120 жылы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылды.