ҰҚШҰ Бас хатшысы Алмазбек Атамбаевты Қырғызстан Президенті болып сайлануымен құттықтады

БІШКЕК. 23 қараша. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжа Алмазбек Атамбаевты Қырғыз Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Қырғыз Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі.
None
None

Құттықтау жеделхатының мәтінінде Қырғызстан ҰҚШҚ-ға қол қойылған сәттен бастап осы күнге дейін одақтастық туралы өзара іс-қимылдарды нығайту, Ұйымның қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін көп функционалды құрылым ретінде дамуы бойынша жүргізілетін іс-шаралардың белсенді қатысушы болып табылатындығы айтылған.

«Сіздің басшылығыңызбен Қырғыз Республикасы ҰҚШҰ дамуы мен нығаюына, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі алға қойған міндеттердің ойдағыдай шешілуіне жан-жақты қолдау білдіретініне сенімдімін», - делінген Н. Бордюжаның құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар