11:46, 18 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҰҚШҰ-да автоматтандырылған бірыңғай шекара бақылау жүйесін құру идеясы қаралып жатыр
МӘСКЕУ. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Самғұлов/ - Заманауи шарттар негізінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің автоматтандырылған бірыңғай шекара бақылау жүйесін құрудың уақыты келді.

Өткен сәрсенбі күні Астанада өткен ҰҚШҰ елдерінің заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі құзіретті органдар жетекшілерінің үйлестіруші кеңесінің кезекті отырысына қатысушылар осындай пікірге тоқталды, деп хабарлайды ұйым хатшылығының баспасөз қызметі.
«Жоғалған заттардың, заңзыс берілген және жалған төлқұжат-визалық құжаттардың бірыңғай мемлекетаралық банкін құру мүмкіндіктері қаралды. ТМД-ға мүше мемлекеттердің Шекара жауынгерлерін басқару кеңесінің үйлестіруші кеңестеріне ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің автоматтандырылған бірыңғай шекара бақылау жүйесін құру туралы ұсыныс айтылды», - делінген таратылған ақпаратта.