ҰҚШҰ-да «Нелегал-2010» операциясының бірінші кезеңі қорытындыланды

МӘСКЕУ. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Самғұлов/ - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) форматында өткізілген «Нелегал-2010» операциясының бірінші кезеңінің қорытындылары,
None
None

сонымен қатар, заңсыз көші-қонға қарсы іс-әрекет мәселелері ҰҚШҰ елдерінің заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі құзіретті органдар жетекшілерінің үйлестіруші кеңесінің кезекті отырысында талқыға түсті.

Аталмыш отырыс сәрсенбі күні Астанада өткен. Отырыста айтылып өтілгендей, «Нелегал-2010» операциясының алғашқы кезеңі мамырдың 1-і мен 20-сы аралығында жүргізілген.

Ұйым хатшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша 54 039 көші-қон заңнамасын бұзу фактісі анықталған, оның ішінде ел аумағынан шығу, елге заңсыз кіру бойынша 41 973 факті, еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша белгіленген тәртіпті бұзған 11 444 факті анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша анықталған істер қаралған соң, 2 млн. АҚШ долларынан астам әкімшілік айыппұл салынған. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің шекарасынан әкімшілік тәртіп бойынша 8270 адам шығарылған.

Заңсыз көші-қон ұйымдастыру фактілеріне қатысты 61 қылмыстық іс, адам саудалауға қатысты 66 қылмыстық іс және операция барысында анықталған өзге де тәртіп бұзушылықтарға қатысты 1 480 қылмыстық іс, соның ішінде есірткі саудалауға қатысты 891, заңсыз қару-жарақ тасымалдауға қатысты 105 қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар