ҰҚШҰ-дағы әскери ықпалдастықты жандандыру мәселелері ҰҚК-нің келесі сессиясында қаралады

Бұл туралы ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжа ҰҚШҰ ҰҚК мерейтойлық сессиясының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Бас хатшы атап өткендей, бүгін өткен мерейтойлық сессияның барысында «ҰҚШҰ кеңістігінде қалыптасып отырған жағдайға және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін дамыту бойынша мүше-елдер президенттерінің тапсырмаларына» ерекше назар аударылды.
Ол сондай-ақ 2012 жылдың соңында өтетін ҰҚШҰ ҰҚК-нің сессиясында «ҰҚШҰ аясында әскери ықпалдастықты жандандыру және жетілдіру жөніндегі» мәселелер басымдықты тақырыптардың қатарында болады.
Сессияға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің президенттері, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшылары мен ҰҚШҰ мүше-елдердің 7 мемлекетінен келген үкімет құрылымдарының өкілдері қатысты.