20:43, 11 Наурыз 2013 | GMT +5
ҰҚШҰ елдері ақпараттық ықпалдастықты нығайту мақсатында сараптамалық қауымдастық құрды
МӘСКЕУ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - ҰҚШҰ-да ұйымға мүше-мемлекеттер ақпараттық-талдау құрылымдарының сараптамалық қауымдастығын құруда.

ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлім еткендей, бұл туралы шешім дүйсенбі күні Мәскеуде ҰҚШҰ хатшылығында ұйымға мүше-елдер ақпараттық-талдау құрылымдары басшыларының қатысуымен өткен алғашқы семинар-жиын отырысында қабылданды. Семинар қатысушылары ҰҚШҰ сараптамалық қауымдастығын құру жөнінде тиісті меморандумға қол қойды.
Сараптамалық қауымдастық кеңесінің төрағасы болып ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа сайланды.