ҰҚШҰ елдері СІМ басшылары өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары халықаралық аренадағы ҰҚКҰ-ына мүше елдердің өзара әрекеттестігі мен халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Күн тәртібінде СІМК-інің 2017 жылғы бірлескен өтінімдерінің тізімі жөніндегі жобаларының шешімі, СІМК ҰҚШҰ жанындағы Ауғанстан бойынша Жұмыс тобы жөніндегі ережеге өзгеріс енгізу туралы және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше-мемлекеттер өкілдерінің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі консультациялық жоспары, 2017 жылдың екінші жарты жылдығы мен 2018 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері қарастырылады.
Талқыланғаннан кейін бұл құжаттар бекітіледі деп күтілуде. Отырыс барысында сыртқы істер министрлері Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидалары жөніндегі келісімнің жүзеге асырылу механизмдерін көздейтін СІМК шешімдерінің жобасын қарастырмақшы. СІМК отырысының күн тәртібінің жобасына 7 мәселе енгізілген.