ҰҚШҰ-ға мүше-елдер басшылары Ұйымның қорытынды Декларациясын қабылдады

ҚР Президенті атап көрсеткендей, ҰҚК-ның тар ауқымдағы отырысы барысында жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікірлер алмасылды. «Пікірталас әдеттегідей, ашық және сенімді түрде өтті, бұл біздің ұйымымыз бен елдер арасындағы өзара қарым-қатынастар үшін пайдалы», - деді Н. Назарбаев.
«Біз қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ұжымдық шараларды одан әрі нығайту мәселелерін, соның ішінде қатерлерге қарсы тұру және қауіпсіздікке қыр көрсетулер бар, ең алдымен, Ауғанстан аумағынан келетін. Сонымен қатар, Таяу Шығыс, Батыс Азия мен Солтүстік Африка өңіріндегі жағдайлар, сондай-ақ Сирия мен Иранның ядролық бағдарламасының айналасындағы оқиғалар талқыланды», - деді ҚР Президенті.
Елбасы атап өткендей, тар ауқымды форматта өткен отырыстың қорытындысы бойынша президенттер ҰҚШҰ-ға мүше-елдер Декларациясын қабылдады, онда ҰҚШҰ мүшелерінің қауіпсіздігімен қалай да байланысты халықаралық қауіпсіздіктің болуы мүмкін барлық аспектілері қамтылған, сондай-ақ өткен әріптестік кезеңінде ұйымның қызметіне нақты баға беріледі.
«Кең ауқымдағы отырыстың басты тақырыбы 2002-2012 жылдар аралығындағы ҰҚШҰ қызметінің негізгі қорытындылары және ұйымды дамытудың басымдықты бағыттары болып табылады», - деді Н. Назарбаев.
Сессияға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің президенттері, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшылары мен ҰҚШҰ мүше-елдердің 7 мемлекетінен келген үкімет құрылымдарының өкілдері қатысуда.