ҰҚШҰ-ға мүше елдердің бірлескен қимылдарына осы ұйымға төрағалық ететін ел ретінде қанағаттанамыз - Е. Қазыханов

Біз мемлекеттердің өзара бірлескен қимылдарынан нәтижелі қадамдарды көріп отырмыз»,-деді бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінен соң журналистермен болған баспасөз мәслихатында.
«Сонымен қатар ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері сыртқы саясат, қорғаныс, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұруда жемісті қадамдар жасай білді. Қазіргі таңда ынтымақтастықтың жаңа бағыттары ашылып жатыр. Соның ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен төтенше жағдайларға ұжымдасып шара қолдану мәселесі бар. Сондықтан біз осы ұйымның әлеуеті мен күш-қуатының Еуразия кеңістігіндегі беделді халықаралық ұйым ретінде нығая беруін қолдаймыз»,-деді Сыртқы істер министрі.
Сондай-ақ ол сөзінде ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлерінің бүгінгі кеңесінде осы ұйымның Қазақстанның төрағалық етуімен өтетін келесі мәжілісіне қатысты мәселелер талқыланғандыған атап өтіп, Мәскеуде биылғы жылдың мамыр айына белгіленіп отырған мәжілістің алдында ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының мәжілісі мен Қорғаныс министрлерінің отырысы өтетіндігін жеткізді.