ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қару-жарақ шығару жөнінде біріккен кәсіпорындар құрудың мүмкіндіктерін қарастыруда

МӘСКЕУ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат – Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымына (ҰҚШҰ) мүше-мемлекеттер қару-жарақ жасау және оларды шығару жөнінде біріккен кәсіпорындар құрудың мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы бүгін Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Николай Бордюжа айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз қазіргі кезде әскери-экономикалық ынтымақтастық ауқымында қару-жарақ пен техникаларды өндіру, пайдалану және жөндеу жөнінде ҰҚШҰ мемлекеттерінің біріккен кәсіпорындар құру мәселесін қарастырып жатырмыз», - деді бас хатшы.Н.Бордюжаның айтуы бойынша, ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттер Ресейден жаңа қару-жарақтар сатып алуға мүдделілік танытып отыр. Сонымен қатар, қару-жарақтың бөлшектерін сатып алуға да қызығушылық басым, деп көрсетті ол. Ұйымның бас хатшысы, ҰҚШҰ ауқымындағы әскери-экономика саласындағы ынтымақтастық, ұйым қызметіндегі басым бағыттардың біріне айналып келеді, деп атап өтті.
Соңғы жаңалықтар