ҰҚШҰ Кеңестерінің отырыстары барысында Ұйымның келелі мәселелері талқыланды

ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің (ҚМК), Сыртқы істер министрлері кеңесі (СІМК) мен Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің (ҚКХК) бірлескен отырысының қорытындысы бойынша Ұйымның дамуына жаңа серпін беретін шешімдер қабылданғанын мәлім етті.
Оның айтуынша, 2012 жылдың желтоқсанында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары қабылдаған шешімдер аясында әскери құрылымға, күштер әлеуетін нығайтуға қатысты мәселелер талқыланды. Н. Бордюжа мемлекеттер басшылары сол уақытта ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік күштерінің әскерін құру туралы шешім қабылдағанын еске салып өтті.
ҰҚШҰ-ның бас хатшысы ҚКХК отырысына шекара қызметі өкілдерінің, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың қатысуын оң бағалады. Атап айтқанда, бүгінде кибер-шабуылдар қауіп туындатып отыр.
Ұйымның бас хатшысы ертең өтетін ҰҚШҰ мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі қарсаңында аталмыш мәселелерді талқылаудың және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің өтініштері іспетті бірқатар құжаттарға қол қоюдың маңыздылығы жоғары екеніне тоқталды.
ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, 28 мамыр күні Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттері кездеседі.