ҰҚШҰ құқық қорғау органдары арнайы техникаларды жеңілдетілген шартпен иеленеді

Құжат Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес, арнайы техника мен арнайы құралдарға қатысты сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік органдар арасында жасалатын шарттар негізінде арнайы техникалар мен құралдарды жеңілдетілген шарттар арқылы жеткізуді қарастырады. Сонымен қатар, хаттамада төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған құралдарды жеңілдікпен жеткізу тетігін құруға бағытталған түзетулер енгізілген.
Тұтастай алғанда, қабылданған Заңның мақсаты - ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техникалар мен құралдарды жеткізуге жеңілдіктерді иелену болып табылады. Сондықтан да, халықаралық келісім аясында Қазақстанның құтқару бөлімшелері Ресей мен Беларусь елінің арнайы техникаларын жеңілдетілген шарттар арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие болмақ. Яғни, келісім күшіне енгеннен соң ҰҚШҰ қатысушы мемлекеттерінің құтқару бөлімшелері жарақтандыру құралдарын тікелей зауыттан өндірілетін баға бойынша алуға қол жеткізеді.
Парламент қабылдаған Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.