ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердің үшінші елдермен жанжалдарда күш қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды

БҰҰ, ЕҚЫҰ, ҰҚШҰ жоғары өкілдері халықаралық қауіпсіздік саласының сарапшылары бітімгерлік қызмет, соның ішінде оны қолдану формалары мен шектері саласында өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу перспективаларын қарастырды.
Конференцияны аша келе, ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа «бұрынғы одақ республикалары елдері азаматтары арасынан шетелде лаңкестік және диверсиялық іс-әрекеттердің бай тәжірибесін жинақтаған содырлардың отанына жаппай қоныс аударуынан ҰҚШҰ елдерінде экстремистік идеялар мен материалдардың, қарулар мен оқ-дәрілердің заңсыз таралуының кеңеюіне дейін» ұйым кеңістігіндегі қауіптер тізбесінің өте ауқымды екенін хабарлады.
Сонымен қатар, ҰҚШҰ бас хатшысы ықтимал қауіптердің қатарына адамдарға сыртқы ықпалдың салдарынан жаппай наразылық туындауынан ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттер ішінде билік саясатына қарсы әрекеттерді жатқызды.
«Ұйымға мүше-мемлекеттердің үшінші елдермен мемлекетаралық жанжалдарына күш қолдану ықтималдығы жоққа шығарылмайды», - деп ол, жаңа заман тарихында мұндай сценарийден ешкім сақтандырылмағанын атап өтті.
«Осыған байланысты татуластыру, жанжалдасушы тараптардың бір-біріне қарсы күш қолдануын тежеу, қалыпты өмірді пайда болған жерінде қалпына келтірудің тиімді құралдарына ие болу қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін кез-келген халықаралық құрылымның қажетті шарты болып табылады», - деп баса айтты Н.Бордюжа.
Ол ҰҚШҰ бітімгерлік бағыты бірқатар негізгі постулаттарға: қасақана еместік, ашықтық, өз еркімен қатысу, күш қолдануды қатаң тәртіпке салу, халықаралық құқық нормаларын сақтау және халықаралық қоғамдастықпен тығыз байланыс мәселелеріне негізделеді деп қосты.