ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің басшылары Шығыс Қазақстан өңіріне жиналуда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Таяу күндері Өскеменде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрліктері бөлімшелерінің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жедел әрекет ету күштерінің құрамына кіретін басқарушы құрамның жедел жиыны өткізіледі.
None
None

ҰҚШҰ ұжымдық күштері басшыларының жедел жиыны 3-5 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының «Шығыс» аймақтық қолбасшылығында өтеді.

ҚР Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жиынның негізгі тақырыбы - ҰҚШҰ жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің арнайы мақсаттағы күш құрылымдарын дайындауды жетілдіру болып табылады. Жедел топтың жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибелік оқу-жаттығулар «Шығыс» қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің оқу орталығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар