ҰҚШҰ-ның Жедел әрекет ету ұжымдық күштері өзінің жауынгерлік әлеуеті жағынан НАТО-ның тиісті құрылымдарынан кем болмайды ? Д. Медведев

МӘСКЕУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - ҰҚШҰ-ның Жедел әрекет ету ұжымдық күштері өзінің жауынгерлік әлеуеті жағынан Солтүстікатлантикалық альянстың тиісті құрылымдарынан кем болмайды,
None
None
деп мәлімдеді бүгін ҰҚШҰ Кеңесі мен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі отырыстарының қорытындылары бойынша өткен баспасөз мәслихатында Ресей Президенті Дмитрий Медведев, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жедел әрекет ету ұжымдық күштері әмбебап тиімді құрал болуға тиісті, ол бүкіл ҰҚШҰ кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін атқаратын болады, деп атап өтті Д.Медведев.Бұдан бұрын хабарланғанындай, Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің құзырына ықтимал әскери агрессияға тойтарыс беру, халықаралық лаңкестікпен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі ағынымен күрестегі арнайы операцияларды жүргізу, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кіреді.«Бұл көлемі жағынан жеткілікті, жақсы жасанған, заманауи техникамен жарақтанған елеулі құрылым. Жалпы алғанда олар өзінің әлеуеті жағынан НАТО-ның тиісті құрылымдарынан кем болмауға тиіс», - деп мәлімдеді Ресей Президенті.
Соңғы жаңалықтар