20:59, 07 Мамыр 2009 | GMT +5
ҰҚШҰ оқу-жаттығулары 2009 жылғы тамыз-қыркүйекте өтеді
МӘСКЕУ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚКҰ) Шұғыл әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары 2009 жылғы тамыз-қыркүйекте өтетінін РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Денисов Мәскеуде ҰҚШҰ елдері сыртқы істер, қорғаныс министрлері орынбасарларының және қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысында мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.«2009 жылғы тамыз-қыркүйекте өтуі жоспарланған ресей-қазақстан оқу-жаттығуларының аясында мұның алдындағы уағдаластыққа сәйкес Қазақстан мен Ресейде Шұғыл ұжымдық күштерінің әрекет ету оқу-жаттығуларын өткізу жоспарланған», ? деп атап өтті ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Валерий Семеряков. Қазіргі уақытта ҰҚШҰ ұжымдық күштері батальондар деңгейінде әрекет етіп келеді. Жаңа формат мемлекеттердің ? ҰҚШҰ мүшелерінің құрылымдарынан және бөлімдерінен барынша ірі топтар құруды көздейді. Еске сала кетейік, ҰҚШҰ-ға Армения, Беларус, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан елдері мүше болып отыр.