ҰҚШҰ Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты БҰҰ-ның арнайы елшісі Кофи Аннанның ұстанымын қолдайды -Н. Бордюжа

Бұл туралы бүгін ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінен соң журналистермен болған баспасөз мәслихатында ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжа мәлім етті.
Оның сөзінше, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің барлығы Кофи Аннанның Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты ұстанымын қолдайды. «Осы тұрғыдан алғанда ҰҚШҰ Сириядағы жағдайды жіті бақылауында ұстап отыр. Біз сонымен қатар осы елдегі жағдайдың өріс алуы мен оның біздің мемлекеттердің қауіпсіздігіне ықпалын да назарда ұстап отырмыз. Сонымен қатар халықаралық ұйымның мүшесі ретінде Сириядағы жағдайды реттеуге Ресей тарапы да қатысуда. Ресей қазір бұл мәселе бойынша, Кофи Аннанмен де, Араб елдері лигасымен де, Сирия басшылығымен де байланыста. Ресей бұл мәселеге қатысты өзінің қадамдары жөнінде ҰҚШҰ-ға мүше әріптестерін де ұдайы хабардар етіп отырады», - деді Бас хатшы.