ҰҚШҰ ҰҚК-нің кезекті сессиясы 2012 жылдың екінші жартысында өтеді

МӘСКЕУ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Мәскеуде өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясында ұйымға мүше-елдердің басшылары Ұйымның болашақтағы дамуының басымдықты бағыттарын айқындады.
None
None

Бұл туралы ҚР Президенті Н. Назарбаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі мерейтойлық сессиясының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Елбасы атап өткендей, ҰҚШҰ елдері ұйым аясында белсенді жұмыс істеп келеді. Жалпы алғанда өткен кезеңде Ұйым айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Н. Назарбаев мәлім еткендей, ҰҚШҰ қызметінің негізгі қорытындылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің бүгін өткен отырысының басты тақырыбы болды. «Біз Ұйымның болашақтағы дамуының басымдықты бағыттарын айқындадық. Онымен бірге,  жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері  және бұл ретте қажетті ұжымдық шаралар бойынша пікірлер алмасылды», - деді ҚР Президенті.

«Сессияның мерейтойлы сипатын ескере отырып, кеңестің қорытындысы бойынша бірқатар шешімдерге қол қойылды, соның ішінде «ҰҚШҰ-ның Құрмет белгісін бекіту жөнінде» және «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылуының 20 жылдығына байланысты ҰҚК-нің Құрмет грамотасымен марапаттау» бар», - деді Елбасы.

«ҰҚК-нің кезекті сессиясын жылдың екінші жартысында, 2012 жылдың соңында Мәскеуде өткізу шешілді», - деді Елбасы.

«Қазақстан Ұйымның қызметін жақсы деп бағалайды. Қазақстан өз тарапынан ұйымның дамуы мен нығаюына әрі қарай күш-жігерін жұмсайтын болады», - деп қорытындылады Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар