ҰҚШҰ үшін қазақстандық әскери кадрлардың ұстаханасы

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылғы ақпанның 16-сы мен 19-ы аралығында Алматыда, Құрғақтағы әскер Әскери институтының базасында әскери кадрларды бірлесіп даярлау мәселелері бойынша ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің әскери қызметшілерімен тақырыптық іс-шара өткізілуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оған Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің делегациясы қатысуда.Іс-шара барысында қонақтар оқу-материалдық базамен, оқу үдерісінің ұйымдастырылуымен, сондай-ақ курсанттардың тұрмысымен және бос уақыттарын өткізу жағдайларымен танысты. Бүгінгі күні әскери жоғары оқу орындары үшін мемлекеттік стандарттар қайта құрылды, біліктілік талаптары өзгертілді және білім беру үдерісін ұйымдастырудың бірыңғай сұлбасы жасалған.Жұмыс кездесуін ҰҚШҰ бірлескен штабы басшысының орынбасары генерал-лейтенант Владимир Шутько мен Құрғақтағы әскер Әскери институтының басшысы генерал-майор Сәбит Құдайбергенов ашты. Жұмыс кездесуі барысында «Уақыт талабы» және «ҰҚШҰ: әскери қауіпсіздік» деп аталатын деректі фильмдер көрсетілді, ал ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Георгий Дубовцев қонақтарға ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің Әскери күштері үшін қазақстандық әскери оқу орындарында әскери кадрларды бірлесіп даярлауды ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.
Соңғы жаңалықтар