Ульф Вокурка «Цеснабанк» Басқармасының жаңа төрағасы болып сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, 2018 жылғы 14 қыркүйекте Ержан Төлеубеков Банк басқармасы басшысы қызметінен босатылды. Басқарманың жаңа басшысы болып Ульф Вокурка сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АҚ-ның PR-қызметіне сілтеме жасап.

Ульф Вокурка қаржы саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен. Кәсіби ортадағы іскерлік беделі жоғары. Дойче банктың әртүрлі құрылымдарында, қазақстандық ірі қаржы ұйымдары мен ұлттық компаниялардың директорлар кеңесінің құрамында жұмыс жасаған. Осы уақытқа дейін «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарып келді.

Басқарманың жаңа басшысы өз көзінде Ержан Төлеубековке атқарған қызметі, оның ішінде, банк позициясын нығайтуға бағытталған шаралар бағдарламасын дайындағаны үшін алғысын білдірді.  «Цеснабанк» АҚ-ның аталған қызметі Қазақстан Республикасы мен Ұлттық банктің тарапынан үлкен қолдауға ие.

«Мен бұл жұмысты жалғастырып, қысқа мерзімде аяқтауды міндет санаймын, сондай-ақ, банкті одан ары дамытуға  жағдай жасаймын. Ержан Төлеубеков командамызда қалады, менің кеңесшім ретінде инвестициялық жобалармен айналысады», - деді Ульф Вокурка.

Фото: kapital.kz

Соңғы жаңалықтар
telegram