Ұлан-Баторда мемориалдық кешен мен маршал Жуковтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою кезінде Қазақстанның Әнұраны шырқалды

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Елшілігі Монғолия елінің Сыртқы істер және сауда министрлігімен, Қорғаныс министрлігімен, Ресей Федерациясының Елшілігімен және Гитлерге қарсы коалиция елдерінің дипломатиялық
None
None

өкілдіктерімен бірігіп Ұлан-Батор қаласында Жеңіс күнін мерекелеу шараларына қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.

Монғол астанасындағы Зайсан тауында орналасқан мемориалдық  кешенге және маршал Жуков ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне Монғолияның Қорғаныс министрі Жадамбаагийн Энхбаяр, ардагерлер, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері және жергілікті жұртшылық қатысты.

2008 жылдан бастап мемориалдық кешен мен маршал Жуков ескерткішіне гүл шоқтарын қою кезінде Монғолия мен Ресей Әнұрандарымен қатар Қазақстан Республикасының да Әнұраны шырқалатынын атап өту керек.

Соңғы жаңалықтар