Ұлан Тамғабаев жеңіліп көрмеген өзбек файтерінен басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ұлан Тамғабаев Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Азияның ең мықты промоушндарының бірі UAE Warriors алаңында алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

Ұлан Тамғабаев жеңіліп көрмеген өзбек файтерінен басым түсті

Қазақстандық боксшының азиялық промоушндағы өзбекке қарсы жекпе-жегі сенсациямен аяқталды.

Тамғабаев өзбекстандық қарсыласы Жавохир Имамовпен кездесті (7:0).

Кездесу төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлан аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, сегіз рет жеңіске жетіп, жеті мәрте сәтсіздікке ұшыраған.

Фото: sports.kz