Ұландықтар Астанада адасқан қызды анасына табыстады

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері елордада адасып кеткен кішкентай қызды тауып, ата-анасымен табыстырды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады. 

ұлан
Фото: ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

24 қаңтарда Астана қаласының Нұра ауданында патрульдік-бекеттік қызмет атқарған әскери жасақ бастығы қатардағы Буняд Музаффаров пен патрульші қатардағы жауынгер Жүрсін Ерлікұлы көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген бес жасар қызды байқады. Белгілі болғандай, ол ата-анасынан алыстап, адасып кеткен.

– Біз бұл туралы әскери жасақтар бойынша кезекшіге дереу хабарладық. 15 минуттан кейін қыздың анасы бізге келді. Анасына қызын тапсырдық, - деді қатардағы жауынгер Буняд Музаффаров.

Сәбидің ата-анасы әскери жасаққа, сондай-ақ әскери бөлімнің қолбасшылығына зор алғысын білдірді.

Францияның әскери полигонында өткен заңсыз кеште 30-дан астам адам зардап шекті
Ұқсас жаңалықтар

Францияның әскери полигонында өткен заңсыз кеште 30-дан астам адам зардап шекті