18:37, 26 Ақпан 2025 | GMT +5
Ұлдарым болашақта бокс қолғабын кисе қарсы емеспін — Жәнібек Әлімханұлы
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы отбасы туралы айтып берді.

— Өзім Америкада оқу-жаттығу жиындарында, жекпе-жектерде жүрсем де, отбасым өзім туған өңірде, елімізде тұрып жатыр. Балаларымның барлығы осында қазақы тәрбие алып өскенін қалаймын. Болашақта ұлдарым қолдарына бокс қолғабын киіп, спортшы боламын десе қарсылығым жоқ. Бірақ, әр қазақтың ұлдары өзін қорғай білу үшін де бокс мектебін үйреніп жатса артық болмайды — деді Жәнібек Әлімханұлы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Жәнібек Әлімханұлының 5 сәуірде өтетін жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Ол 5 сәуірде Астанадағы «Барыс Аренада» жеңіліп көрмеген француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен рингке шығады.