Үлескер: Мемлекеттің ұлы байлығы ? адамдары

АҚТАУ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Сәулеті мен құрылысы жетілдірілген нұсқалармен тұрғызылып жатқан тұрғын үйлер кешені – еліміздің әл-ауқатының сапалық жаңа деңгейге көтерілгендігінің көзге көрініп тұрған атрибуттары.
None
None
Ондағы коммуналдық-шаруашылық қызмет пен жалпы тұрмыс ахуалы кез-келгеннің қолы жете бермейтін дербес оқшаулығымен ерекше. Сондықтан да осындай үйлерден пәтер алу үшін үлескерлік тетігімен құрылыс компаниялары уәде еткен екі-үш жылды күтуге келісім беріп, қаржы салғандар дені соңғы он-он бес жылда толық қалыптасып үлгерген орта тап өкілдері десек, қателеспеспіз. Сондай жандардың бірі ? «Таң Шолпан» тұрғын үй кешенінің үлескері Рахат Төребаев, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ақтау қаласында теңіз беттен орталық көше бойында тұрғызылғалы жатқан элиталық үйлердің бірінен пәтер алуға таңдау жасағанымда көңілімде құрылыс жұмыстарының уақытында аяқталатындығына күдік болғаны да рас. Әлемді шарпыған бүгінгі дағдарыстан күдігім ұлғая түсті. Құрылыс жұмыстарын тоқтатпаудың барлық шараларын қарастырып жатырмыз деген құрылыс компаниясы басшылығының басуымен әліптің артын бақтық. Бар үмітіміз экономиканың қозғаушы күшіне айналар іскер орта топты қалыптастыру үшін сан салалы саясат жүргізген мемлекетте еді. Үмітіміз ақталды. Конституцияда айтылғандай, Мемлекеттің Ұлы байлығы ? адамдары екен. Елбасының тапсырмасымен, құрылыс саласында шатқаяқтаған жағдайды түзеуге барын салған жергілікті билік облыстық бюджеттен 210 миллион теңге несие бөліп, біздің нысанның құрылысын аяқтауға мүмкіндік берді. Тұрғын үй кешенінің бастапқы бөлігі жаңа жыл қарсаңында пайдалануға беріліп, баспаналы болдық. Осылайша, Мемлекет басшысының Конституциялық кепілдігімен тағдыр тәлкегінен аман қалдық. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына, Үкіметке, Маңғыстау облысы әкімі Қ.Көшербаевқа, құрылыс компаниясының басшылығына өзімнің және жаңа көршілерімнің атынан зор алғысымды білдіремін!» дейді Р.Төребаев. Бүгінде 85 үлескері бар «Таң Шолпан» тұрғын үй кешенінің 32 пәтерлік бірінші блогы пайдалануға берілді. Қазан айында мемлекеттік бюджеттен 210 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілген нысанның 10 қабатты 4 блогында барлығы 112 пәтер бар. Жалпы аумағы 1600-дей шаршы метр. Барлық коммуналдық инфрақұрылымдары тартылған. Ал жалпы Маңғыстау облысының аумағында үлестік қатысумен 12 компания 13 тұрғын үй нысанының құрылысын жүргізуде. Барлық пәтер саны ? 2075. Бүгінгі таңда осы құрылыс компаниялары 9097,6 млн. теңгенің қаржысын игерген, оның 5477,9 млн. теңгесі үлескерлердікі.
Соңғы жаңалықтар