Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парадты қайдан көруге болады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Астанада парадқа дайындық аяқталуға жақын
Фото: Қорғаныс министрлігі

— Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады. Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери парадқа 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.

Мерейтой аясындағы шеруді Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде және Kazinform сайтынан тамашалауға болады.

Соңғы жаңалықтар