09:16, 29 Маусым 2024 | GMT +5
Ұлыбритания азаматы Алматы тауларында адасып қалған
АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ кинологтары адасып кеткен Ұлыбритания азаматын құтқарды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

«Бүгін Алматы облысының Ақтас үстірті ауданындағы таулы аймағында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру жұмыстары барысында адасқан Ұлыбритания азаматын тапты. Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды. Жоғалған адамға медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген хабарламада.