Ұлыбритания Иранның Израильге әуе шабуылын айыптады

армия Ирана
Фото: армия Ирана

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак мәлімдеме жасап, Иранның Израильге жасаған әуе шабуылын айыптады.

«Мен Иран режимінің Израильге жасаған шабуылын қатаң айыптаймын», — делінген британдық премьер-министрдің мәлімдемесінде.

Ол Ұлыбритания Израиль мен аймақтық серіктестердің, соның ішінде Иордания мен Ирактың қауіпсіздігін қорғауды жалғастыратынын атап өтті.

«Одақтастарымызбен бірге біз жағдайды тұрақтандыру және одан әрі шиеленісудің алдын алу үшін шұғыл түрде жұмыс істеп жатырмыз. Ешкім қантөгісті жалғастырғысы келмейді», - делінген Сунактың мәлімдемесінде.

Сенбіде Израиль қорғаныс армиясының баспасөз қызметі Иранның өз аумағынан Израильге қарай ұшқышсыз ұшақтарды ұшырғанын хабарлады. Бұл Ислам Республикасының еврей мемлекетіне алғашқы тікелей шабуылы болды.

ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Джозеп Боррель Еуропалық Одақ Иранның Израильге қарсы қолайсыз шабуылын қатты айыптады, деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар