Ұлыбритания королі Чарльз ІІІ ауруханаға жатқызылды
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбритания королі Чарльз ІІІ жоспарлы операция алдында ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazinform бұл туралы The Telegraph басылымына сілтеме жасап.
Басылым корольдің әзірге көпшілік алдына шыға алмайтынын жазды.
– Корольдің көпшілік алдына шығуы қысқа мерзімге кейінге қалдырылады», - делінген Букингем сарайының мәлімдемесінде.
Айта кетейік, 75 жастағы монархқа шамамен екі апта бұрын қуықасты безінің аденомасы диагнозы қойылған.
Бұған дейін британ королінің ауруханаға жатуға дайындық жұмыстарына байланысты өз өкілеттігін уақытша тоқтататыны хабарланған.
Ол таққа 2022 жылдың қыркүйегінде анасы Елизавета II қайтыс болғаннан кейін отырды.