Ұлыбритания королі денсаулығына байланысты мемлекеттік қызметті уақытша атқармайды
АСТАНА. KAZINFORM - Ұлыбритания королі ІІІ Чарльз келесі аптада медициналық процедурадан өтеді. Осыған байланысты ол мемлекеттік қызметті атқаруды уақытша тоқтатады. Бұл туралы Букингем сарайының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі.

«Жыл сайын мыңдаған ер адамдар сияқты, патшаға қуықасты безінің ұлғаюына байланысты ем алу қажет болды. Ұлы Мәртебелінің ісігі қатерсіз, ол келесі аптада емдеу процедурасынан өту үшін ауруханаға барады. Король сауығып кеткенше оның мемлекеттік міндеттері қысқа мерзімге тоқтатылады»,- делінген хабарламада.
ІІІ Чарльз 75 жаста. Ол таққа 2022 жылдың қыркүйегінде анасы ІІ Елизавета (19262022) қайтыс болғаннан кейін отырды.
Мемлекет басшысының алдағы уақытта дәрігерлерге жүгінетіні туралы монархтың үлкен ұлы Уэльс ханзадасы Уильямнің әйелі, 42 жастағы Уэльс ханшайымы Кейтке 16 қаңтарда іш қуысына ота жасатып, наурыз айының соңына дейін жасай өз міндеттерін атқара алмайтыны белгілі болғаннан кейін жарияланды.