Ұлыбритания Ресейге қарсы санкциялар тізімін кеңейтті

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбритания билігі Ресейге қатысты енгізілген санкциялар тізімін кеңейтті. Бұл туралы Ұлыбритания Қаржы министрлігінің ресми сайтында хабарланды, деп жазды lenta.ru.

Ұлыбритания Ресейге қарсы санкциялар тізімін кеңейтті
Фото: Pixabay.com

Министрліктің мәліметіне сәйкес, консолидталған тізімге 30 жазба қосылды: 27 заңды және үш жеке тұлға.

Сонымен қатар, «КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Брянск химиялық зауыты» мен химиялық өнеркәсіп кәсіпорны «Анозитке» қатысты шектеулер енгізілді.

Бұдан бөлек, шектеулер конденсатор өндіруші «Элеконд» АҚ, «Икар» тәжірибелік-конструкторлық бюросы АҚ және оптоэлектронды техника өндіруші «Протон» АҚ-ға да таралды.

Ресейге қарсы санкциялар туралы Жапонияның Қаржы министрлігі де хабарлады. Ел Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдің 52 ұйымы мен 10 азаматына шектеу қойды.

Жапония санкциясына, атап айтқанда, балалар лагері «Артек», Ахмат-Хаджи Қадыров атындағы қор және оның президенті Аймани Қадырова ілікті.

Сонымен қатар, санкциялар аясында «Урал» автозауыты, Арзамас машина жасау зауыты, Әскери-өнеркәсіптік компания, Брянск автозауыты, «Ремдизель», Липецк механикалық зауыты, «Инкотех» компаниясы, «Трансконтейнер», Тула қару-жарақ зауыты, «Базальт» ғылыми-өндірістік бірлестігі, «Прибор», «Искра» және басқа да кәсіпорындар қамтылды.

Айта кетейік, ЕО Ресейге қарсы 19-шы санкциялар пакетін талқылау үшін АҚШ-қа делегация жіберген еді.

Соңғы жаңалықтар