Ұлыбритания жұмыссыздарға салмақ жоғалтуға арналған инъекция ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрлігі «семіздік» диагнозы қойылған жұмыссыз адамдарға арықтау инъекциялары ұсынылатын жоспарын жария етті, деп хабарлайды Euronews.

Әңгіме денедегі артық майға қарсы дәрі-дәрмек шығаратын әлемдегі ең ірі өндірушілердің бірі Lilly компаниясының 280 млн фунт стерлинг (336 млн еуро) көлеміндегі инвестициясы туралы болып отыр.
Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Уэс Стритинг жаңа дәрі-дәрмек класы семіздік мәселесіне «орасан» әсер етіп, Ұлыбританияны жұмысқа тарта алатынына сенімді.
«Адамдардың толуы денсаулық сақтау қызметімізге ауыр салмақ түсіреді. Бұл NHS-қа жылына 11 млрд фунт стерлингке (13 млрд еуро) дейін шығын әкеледі. Бұл темекі шегуден келетін шығыннан да көп. Ал бұл экономикамызды тежеп отыр. Семіздіктен туындайтын аурулар адамдарды ауруына байланысты жылына орта есеппен төрт қосымша демалыс алуға мәжбүр етеді, ал көпшілігі мүлде жұмыс істемеуге мәжбүр», — деп атап өтті Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Уэс Стритинг.
Ұлыбритания үкіметі өкілінің айтуынша, семіздік — адамдардың денсаулығының нашарлап, толық жұмыс істеуіне кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі.
Сандарға сәйкес, семіздік қазіргі уақытта ел экономикасына жыл сайын 3,2 млрд фунт стерлинг (3,8 млрд еуро) шығын әкелетінін көрсетеді. Оның жартысына жуығы еңбек өнімділігін жоғалтудан туындайды.
Бұған дейін Атырау облысында былтыр 140 балаға семіздік диагнозы қойылғаны анықталды.
Сондай-ақ, COVID-19 салдарынан семіздікке шалдыққан балалар саны артқаны хабарланды.