Ұлыбританияда әлеуметтік желідегі Украина мен Газа туралы жазбалар бұғатталады
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбританияда күшіне енген «Онлайн қауіпсіздік туралы» заңға байланысты әлеуметтік желі, оның ішінде X пен Reddit Украина мен Газадағы соғысқа қатысты контенттерді шектей бастады, деп хабарлады ВВС.

25 шілдеде күшіне енген заң 18 жасқа толмаған қолданушыларға зиянды контенттер: порнография, өзіне өзі зиян келтіру, ашаршылық, соғыс және зорлық-зомбылықты насихаттайтын кез келген жазбаларды жариялауды шектейді. Сәйкес келмейтін платформалар айтарлықтай айыппұлдарға, соның ішінде 18 миллион фунт стерлингке дейін немесе олардың әлемдік кірісінің 10%-ына дейін айыппұлдарға тап болады.
Сондай-ақ заң Газада отбасының мәйітін іздеп жатқан ер адамның видеосы, Украинада Shahed дроны атып түсірілген бейнежазба және парламентте айтылған кейбір сөздер сияқты қоғамдық қызығушылық тудыратын контенттерді де шектейді.
Сарапшылар бұл сөз бостандығына қауіп төндіреді деп есептейді. Олар сондай-ақ технология мамандарының, әсіресе, компаниялардың шектен тыс контентті бұғаттауы күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін екенін айтты. Ал Британия үкіметінің мәлімдеуінше, платформалар заңды бұзбайды және саяси пікірталастарға цензура жасамайды.
Деректерге сәйкес, X пен Reddit пайдаланушыларының үлкен бөлігі әлеуметтік желіні аккаунтсыз пайдаланады, бұл оларды автоматты түрде кәмелетке толмаған деп есептеуге себеп болады және көп контентке қол жеткізуді шектейді.
X желісінің иесі Илон Маск онлайн қауіпсіздік заңын қатты сынады. Атап айтқанда, ол X желісінде осы мәселеге қатысты пікірін білдірді.
— Бұл заңның мақсаты — халықты тыныштандыру және басу, - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Израиль бітімге келмесе, Ұлыбритания Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындайды.