Ұлыбританияда алғаш рет меланома вакцинасының сынақтары басталды

вакцинация
Фото: stopfake.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбританияда тері қатерлі ісігінің ең қауіпті түрі – меланомаға қарсы әлемдегі алғашқы «жеке» (белгілі бір науқасқа бейімделген) вакцина сынақтары басталды, деп жазады ВВС.

Алғашқылардың бірі болып тәжірибелік препараттың дозасын 52 жастағы Стив Янг алды. Ол өткен жылдың тамыз айында ісік орналасқан бас терісінің тері аймағын алып тастау үшін ота жасатты.

Аталмыш екпе Стивтің иммундық жүйесіне оның денесінде қалған ісік жасушаларын тануға және жоюға көмектесуі керек.

Дәрігерлер бұл аурудың қайталануына жол бермейді деп үміттенеді, өйткені вакцинацияланған денеде жаңа ісік пайда болмайды.

Әзірге атауы жоқ, тек мРНК-4157 (V940) кодты препарат Ковид-19 вакциналарында қолданылатын технологияға негізделген. Ұлыбританияда вакцина соңғы III фазалық клиникалық сынақтардан өтуде. 

Соңғы жаңалықтар