Ұлыбританияда алғашқы аэротакси 2029 жылы іске қосылмақ
АСТАНА. KAZINFORM — Vertical Aerospace компаниясы Ұлыбританиядағы алғашқы әуе такси қызметін 2029 жылдың басында іске қосатынын хабарлады, деп жазды БЕЛТА.
– Vertical Aerospace бүгін … Лондонның іскерлік ауданы Канэри-Уорфтен ірі көлік тораптарына дейінгі алғашқы аэротакси бағыттарын іске қосу жоспарын жариялады, – делінген британдық компанияның баспасөз хабарламасында.
Канэри-Уорфтен Хитроу және Гатвик әуежайларына, сондай-ақ Кембридж бен Оксфорд қалаларына жетуге болады. Жобаны Skyports Infrastructure және Bristow Group компанияларымен бірлесіп жүзеге асыру жоспарланған. Мәлімдемеде бұл бағыттарға қажетті көлік инфрақұрылымының толық көлемде құрылатыны айтылған.
Аэротакси ретінде төрт жолаушыға арналған электрлік Valo тікұшағы пайдаланылмақ. Оның бір реткі зарядпен 160 км-ден астам қашықтықты шамамен 240 км/сағ жылдамдықпен еңсере алатыны айтылды. 2030 жылға қарай Vertical Aerospace компаниясы осындай 175 тікұшақ шығаруды жоспарлап отыр.
Ал Дубайда әуе таксиі 2026 жылы іске қосылады.