Ұлыбританияда Король Карл III бейнеленген банкноталар айналымға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Англия банкі 5 маусымда Король ІІІ Карл бейнеленген жаңа банкноталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды BBC агенттігі.

В Британии выпустили в обращение банкноты с королем Карлом III
Фото: ВВС

Жаңа банкноталар 2022 жылдың қыркүйегінде қайтыс болған II Елизавета патшайымының портреті бейнеленген қазіргі айналымдағы банкноталарды шетінен ауыстырады. Олар иілгіш пластиктен жасалғандықтан жақын арада тозбайды.

III Карл банкноталарда портреті бар екінші британдық монарх болды. Алғаш рет монархтың портреті 1960 жылы қағаз фунттарда басыла бастады, ол кезде тақта Елизавета отырды.

«Бұл тарихи сәт: біз банкноталарды егеменнің портретін алғаш рет өзгертіп жатырмыз», - деді Англия банкінің төрағасы Эндрю Бэйли.

Банкноталардың артқы жағы өзгеріссіз қалды: бес фунттық банкнотада Уинстон Черчилль, он фунттық банкнотада жазушы Джейн Остин, жиырма фунттық банкнотада суретші Джозеф Тернер және елу фунттық банкнотада математик Алан Тьюринг бейнеленген.

Англия Банкі ІII Карл бейнеленген алғашқы банкноталарды былтыр басып шығарды, бірақ олар қолма-қол ақшаны қабылдайтын машиналар қайта конфигурацияланбайынша айналымға енген жоқ.

Ақшадағы патшаның портреті 2013 жылы түсірілген фотосуреттен жасалған.

Сәуірде ІІІ Карл бірінші реттік нөмірлері бар жаңа банкноталар жинағын сыйлыққа алды.