Ұлыбританиядағы карнавалда 100-ден астам адам қамауға алынды

АСТАНА. KAZINFORM — Британия полициясы Ноттинг Хилл карнавалында 140 адамды қамауға алды, деп хабарлайды Daily Mail. 

Ұлыбританиядағы карнавалда 100-ден астам адам қамауға алынды
Фото: dailymail

Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар есірткі сақтағаны және тасымалдағаны, қару алып жүргені, полицияға шабуыл жасағаны, ұрлық жасағаны және басқа да қылмыстары үшін қамауға алынған. Олардың 105-і карнавал кезінде қамауға алынса, қалғандары шараға келген кезде қамауға алынған.

Видео:

Ноттинг Хилл карнавалы — жыл сайын тамыз айының соңында Лондонда өтетін Кариб теңізі мәдениетіне арналған ірі көше фестивалі. Ол 1960 жылдары басталды және нәсілдер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған.

2024 жылы полиция осы карнавал кезінде 230 адамды тұтқындады, ал фестивальдің соңғы күні пышақтасу салдарынан жеті адам жарақат алды.

Еске сала кетейік, Ұлыбританияда қысқа мерзімді жаза түрлері жойылады.

Соңғы жаңалықтар