16:34, 23 Қараша 2023 | GMT +5
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Израильге барды

Дэвид Кэмерон сондай-ақ Газадан небәрі бес шақырым жерде орналасқан Беэри кибуцында болды.
Бұған дейін Д.Кэмерон Лондонға келген араб және ислам елдерінің сыртқы істер министрлерімен Газа секторындағы жағдайды талқылады. Сауд Арабиясы, Иордания, Мысыр, Палестина, Түркия, Индонезия және Нигерия сыртқы істер ведомстволарының басшылары, сондай-ақ Араб мемлекеттері лигасының Бас хатшысы және Катардың Лондондағы Елшісі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше елдердің астаналарына барып жүр.
Д.Кэмерон Біріккен Корольдіктің Сыртқы істер министрі болып жақында тағайындалған. 2010-2016 жылдары ол Ұлыбританияның премьер-министрі қызметін атқарған.