«Ұлытау» футбол клубының бас бапкері тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Нұркен Қалдыбекұлы Мазбаев «Ұлытау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Бұл маманның есімі қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол еліміздегі футболының дамуына зор үлес қосқан тәжірибелі бапкер және бұрынғы кәсіби футболшы.
Нұркен Мазбаев қазірге дейін бірқатар қазақстандық клубқа бас бапкер болды. Оған қоса жастар арасындағы футболды дамытуға ерекше көңіл бөлді.
Бас бапкердің көмекшісі ретінде жаттықтырушы Сергей Александрович Пак тағайындалды.
Еске салсақ, бұған дейін Иван Геннадьевич Азовский «Ұлытау» футбол клубындағы қызметін ресми түрде аяқтады.
2025 жылғы маусымда Иван Азовский баптаған команда Премьер-лигада 15 матч өткізіп, 3 жеңіске жетті, 3 тең ойын көрсетті.
Бас бапкер 2023 жылы клуб құрылымына қосылып, алдымен футбол орталығының жетекшісі қызметін атқарды. Кейіннен негізгі команданы қабылдап, 2024 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Ұлытауды» алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасына шығарды.